Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 2,6 млн тонна мал азығы дайындалады

2021 жылдың 11 маусым 2021 06:38

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының шаруалары биыл бір жарым жылдық мал азығын дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің Маңғыстау, Қызылорда облыстарында мал азығы жетпей, жайылым жер мәселесі көтерілді.

Қуаңшылық салдарының алдын алу үшін өңірде мал азығын мол жинау тапсырылды.

Биыл шамамен 2,6 млн тоннадан астам мал азығын, яғни, бір жарым жылдық қор дайындалуы тиіс.

«Болжамдарға қарағанда жаз ыстық болады. Көрші облыста қандай жағдай болып жатқанын білесіздер. Сол деректерді ескере отыра, шаруаларға мал азығын артығымен дайындау туралы түсіндіру керек. Ең алдымен, ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше көрші өңірге де көмектескен жөн»,- деп атап өткен Оңдасын Оразалин. Бұдан басқа, облыс әкімі суармалы жерлерді тиімді пайдалану сұрағын да көтерді. Оңдасын Оразалин 2,4 мың гектар суармалы жер босқа тұрғаны үшін Ақтөбе қаласы мен Қарғалы, Хромтау аудандары әкімдерінің жұмысын сынға алды.

«Бұған сіздер де жол бердіңіздер. Пайдаланылмаған жерлерді алып, жұмыс істейтіндерге беру керек . Әр гектар бойынша жоспар құрып, егіс құрылымын анықтаңыздар. Келер жылы көктемде суармалы жердегі жұмысты кідіріссіз бастаңыздар», - деп талап етті Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 10,6 мың гектардан аса суармалы жерді қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатса, оның 4,5 мың гектары биыл пайдалануға берілмек.


Жоғары қарай