Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 218 сынып карантинге жабылып, оқушылар онлайн оқып жатыр

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 14:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде барлығы 219 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, 218 класс карантинге жабылды. Бір сыныпта егіз балалар вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 1-14 қыркүйек күндері аралығында 219 оқушыдан COVID-19 анықталған.

Оның 165-і қалада болса, өзгесі аудандарда. Вирус жұқтырғандардың бәрі бақылауға алынып, сыныптар карантинге жіберілген.

Арнаулы орта оқу орындарында 31 студенттен вирус анықталды. Қазіргі кезде 29 топ карантинге жіберілді.

Бір топтан екі студенттің ПТР сынамасы оң мән көрсетіп отыр.

«Сонымен бірге жоғары оқу орындарының студенттері арасында да вирус жұқтырғандар бар. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 7, ал С.Бәйішев университетінде 1 топ карантинге. Әр дерек бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Шектеу шараларын өрескел бұзу дерегі тіркелмеді», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Жоғары қарай