Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 26 адам карантинде жатыр

2020 жылдың 20 наурыз 2020 18:51

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шетелден келгендер карантинге жатқызылды. Ешкімнен жұқпалы індет анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 26 адам стационарлық карантинде жатыр. Барлығының да сараптама нәтижелері теріс. 1 «б» санаты бойынша 30 адам үй карантиніне алынды. 2 санаттағы елдерден келген 61 адамның денсаулығын дәрігерлер телефон арқылы бақылап отыр. Ақтөбе қаласы және облыс аумағындағы жағдай тәулік бойы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тұрақты бақылауына алынды. Эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық уақытылы атқарылады», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, вирусты анықтауға арналған арнайы тест жеткілікті. Карантинде жатқандардан алынған қосымша сынама Алматыдағы зертханаға жіберіліп жатыр.


Жоғары қарай