Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде 323 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 15:47

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бір тәулікте 323 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Әзірге шектеу шараларын күшейтуге қатысты жаңа қаулы шыққан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс кеше «қызыл» аймаққа өтті.

«Бір тәулікте 323 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 197-і вирустың симптомды түріне шалдыққан. Ақтөбе қаласымен қатар Алға, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар аудандарында ауырып, ем іздегендер бар. Сонымен бірге қазіргі таңда 1218 адам үй карантинінде», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінге дейін 36 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды. Оның 97,5% жазылды.


Жоғары қарай