Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 35 жастағы әйел сегізінші қабаттан секірмек болды

2020 жылдың 24 қазан 2020 01:25

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 4 баланың анасы өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 қазан күні сағат 21:28-де тіркелді.

Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 35 жастағы әйел өзіне қол жұмсамақ болып, БАҚ өкілдерін кездесуге шақырды.

«8-қабаттың балконынан 1985 жылғы әйел адам секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты құтқару қызметі жедел түрде жіберілді. Келіссөз барысында құтқарушылар мен полицейлер жедел қимылдап, азаматша құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар әйелдің пәтеріне кіріп, оны ішке кіргізіп алған. Ал бір тобы сыртта баспалдақпен көтерілді.

ТЖ қызметкерлері әйелмен психологиялық әңгіме жүргізген. Азаматша медициналық орталыққа жатқызылды. Бәріне тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Пәтерде балалары болды», - дейді баспасөз қызметі.


Жоғары қарай