Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 5 жасар баланы құтқарған студент пен оқушы марапатталды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 23:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті 5 жасар баланы судан алып шығып, өмірін құтқарған Айбар Серік пен Бимырза Манасты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгінің жас батырлары​ алғыс хат алды. Бұл марапат 5 жасар баланы судан алып шығып, біріне жасанды тыныс алу жолымен өмірін сақтап қалғаны үшін берілді. Ал №55 орта мектеп оқушысы Бимырза Манастың ұстазы оқиғаның шын мәнінде қалай өрбігенін айтып берді.

«Өзен жағасында екі қыздың айғайлап көмек сұрағанын Айбар Серік естіген. Кейін өзен ортасындағы баланы көріп, алып шыққан. Ал Бимырза Манас теледидар арқылы көргенін жасап, балаға алғашқы көмек берді. Сөйтіп су құсқан кезде оны көтеріп, дүкен маңына әкелген. Менің кезіктіргенім осы кез. «Апай, суға кетіп қалған» деп мән-жайды айтты. Баланың қалтырап-дірілдеп жатқанын көріп, таксимен жеткізуді жөн көрдім. Қарғалы қалалық ауруханасына жеткізген кезде «балалар ауруханасына барыңдар» деп кері қайтарды. Сөйтіп тұрғанда біздің артымыздан жеткен жедел жәрдем бригадасы көмек көрсету үшін алып кетті. Кейін оқушым Бимырза екеуміз оқиға орнына барып, ата-анасын іздедік. Ата-әжесі өлдіге санап отыр екен. Қуанышты хабарды бізден естіді»,- деді №55 орта мектеп мұғалімі Бибігүл Сағидоллаева.

Ұстаз түні бойы дәрігерлермен байланыста болып, баланың жағдайын сәт сайын біліп отырған.

«Жансақтау бөлімінің мамандары маған хабарласып, жағдайын айтып отырды. Ал ата-әжесі алғысын жаудырды. Шынымды айтсам, баланың қалтырап-дірілдеп жатқанын көргенде адамдар ата-анасын кінәлап, телефонға түсіріп жатты. Ал өзім несие төлеуге барып, бар жұмысымды ұмытып кеттім. Сол түні ұйықтай алмадым», - деді Бибігүл Сағидоллаева. Еске салсақ,, Айбар Серік пен Бимырза Манас Қарғалы өзеніне батып кеткен баланы алып шығып, аман алып қалды.​



Жоғары қарай