Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 550 адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылдың 11 мамыр 2021 18:55

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында қазір 550 адам инфекциялық стационарларда ем қабылдап жатыр. Олардың 28-і аяғы ауыр әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 10 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 85 пайыздан астамы жазылды. Әлі де инфекциялық стационарларда 550 адам ем қабылдап жатыр.

«Вирус жұқтырып, ем қабылдап жатқан адамдардың 375-і қалада, 175-і аудандарда. Барлығы 47 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 8-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге аяғы ауыр 54 әйелден COVID-19 анықталып, оның 28-і стационарлық ем қабылдап жатыр. Барлығы 70 бала да дәрігерлер бақылауында. Оның жетеуі ауруханада жатыр. Инфекциялық ауруханалардағы жүктеме 37, ал жансақтау бөлімінде 29 пайызды құрап отыр»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, маусым айының алғашқы он күнінде өңірде 770 адамнан вирус анықталды. Эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін әлі де мониторинг топ жұмысын жалғастырады. Биыл 47 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Үйлестіру кеңесіне 46 шұғыл хабарлама түсіп, анықталған заңбұзушылықтар үшін 7 миллион теңгеден астам айыппұл төлінді.


Жоғары қарай