Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 600-дан астам нысанда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істеп тұр

2021 жылдың 29 маусым 2021 16:57

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 620 нысан иесі «Ashyq» жобасына өтініш беріп, барлығы QR-код алды. Тек облыс орталығы ғана емес, аудандағы қызмет көрсету орындар да жобаға енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар қатарында фитнес және спорт клубтары, сауна, бассейн және СПА-салондар, театр, кинотеатр, бильярд, компьютер клубтары, лото-клубтар, балалар ойын - сауық орталығы, қоғамдық тамақтану объектісі және 208 ерікті қатысушы бар. Олардың арасына университет, кітапхана, кеңселер кіреді. Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованың айтуынша, QR-код алған 610 нысанның 424 - і тестілік режимнен өтіп, облыс әкімдігінің сайтында жарияланған. Соңғы 2 аптада келушілерді тіркемеген 27 нысан жобадан шығарылды.
«Ashyq» жобасына қатысушылардың көбі Ақтөбе қаласында. Олар - 483. Мұғалжар ауданында қосымша бойынша 35 нысан, Хромтау ауданында 22, Ойыл ауданында 20, Темірде 15, Шалқарда 13, Қобдада 7, Алғада 6, Байғанин және Мәртөкте 5, Әйтеке би, Ырғыз және Қарғалы аудандарында 3 нысан жұмыс істейді. «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына жүгіне алады», - деп хабарлады ӨКП директоры Сұлупан Шынтасова.


Жоғары қарай