Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 70 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделді

2021 жылдың 29 маусым 2021 22:19

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде алқапты шегірткеден қорғау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде алқап пен ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу мамыр айының соңында басталды. Аумақтық инспекцияның мәліметтері бойынша, 70,39 мың гектар жерді залалсыздандыру жоспарланса, оның 70,05 мың гектары өңделген. Өңдеу ең алдымен, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында жүргізілді.
Өңір басшысы уәкілетті органдар мен облыстың аудан басшыларына шегірткенің көбеюі мүмкін ошақтарын анықтау жұмысын барынша күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында COVID-19-ға қарсы екпе алу мәселелері де талқыланды. Коронавирустың алдын алу мен екпенің маңыздылығын, әсіресе облыс аудандарында түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды.


Жоғары қарай