Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел іздестіріліп жатыр

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 23:08

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Жанар Ермағамбетова мен Назгүл Әбішеваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік Жанар Ермағамбетова тұрғындардың сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізіп беруге уәде еткен. Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олардың қомақты ақшасын қалтасына салып, із-түзсіз жоғалып кетті.

«Өткен жылы кірпіш алу үшін жеке кәсіпкер Жанар Ермағамбетоваға 1,1 миллион теңге бердік. Арада келісімшарт жасалды. Келісім бойынша 2020 жылдың мамыр айында бізге құрылыс материалын жеткізіп беруі тиіс еді. Туысымыз да 985 мың теңге берді. Түбіртек қолымызда бар. Карантин кезінде кірпіш жеткізілмегенін айтып, күте тұруды сұрады. Бірер айдан соң байланыссыз қалды. Полицияға барлығы 40-тан астам адам арыз жазды. Біз хабарын күтіп жүрміз», - деді жәбірленушілердің бірі Айнұр Ыхсанова.

Сонымен бірге полиция 54 жастағы Назгүл Әбішеваға іздеу жариялады. Полиция қызметкерлері оларды көрген-білген адам болса 102 немесе 51-38-37, 52-05-14 телефон нөмірлері бойынша хабар беруін сұрайды.


Жоғары қарай