Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болған жүргізуші мерт болды

2019 жылдың 24 шілде 2019 19:16

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі «Хюндай Соларис» көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытқа шығып кетеді. Соның салдарынан «Тойота Камри» автокөлігі бағытын өзгертіп, қарсы бағытта шығып, «Ваз- 21099» автокөлігімен соқтығысты.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал «Ваз-21099» көлігінің жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медциналық көмек көрсетілген соң үйіне кеткен. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», -деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жоғары қарай