Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Ақтөбеде Армениядан әкелген 4 көлік тіркелді: Call орталық жұмыс істеуде

2020 жылдың 2 маусым 2020 04:22

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Армениядан әкелінген 4 көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің мамандандырылған ХҚКО-да Үкіметпен қабылданған жаңа ережелер бойынша Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды. Бір күнде 4 автокөлік тіркелді.

«Тағы 25 адам Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерінен кеңес алды. 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарына тіркелген және Армениядан елге әкелінген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген рулі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды. Автокөлікті тіркеу кезінде жеке куәлік, мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ Арменияда берілген көлік тіркеу анықтамалығы және мемлекеттік тіркеу нөмірін төлеу туралы құжат қажет. Егер автокөлік оң рулді болса, онда сертификатталған орталықтан қауіпсіздік сертификаты қажет», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Армениядан әкелінген көлік тіркеу ережелерін түсіндіру үшін полиция департаментінде Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге жұмыс істейді. Телефон нөмірі: 525 100.


Жоғары қарай