Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде ауыл клубы өртенді

2021 жылдың 10 маусым 2021 11:55

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас ауылында клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 9 маусым күні сағат 18:37-де Шалқар ауданы, Қотыртас ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан ауыл клубы отқа оранған.

«Алдымен шатыры жанды. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт сағат 21: 50-де ауыздықталып, 22:10-да толық сөндірілді. Жалпы аумағы - 187 шаршы метр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Жоғары қарай