Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде ауыл тұрғындарының 70 пайызға жуығы өз таңдауын жасады

2021 жылдың 25 шілде 2021 19:16

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған сағат 17:30-дағы ақпаратқа сүйнесек, тізімге енген сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді. Яғни, 22 300-ден астам адам таңдауын жасады. Оның ішінде Ойыл ауданында 88,9%, Қарғалыда 84,2%, Шалқарда 79,1% болып тұр», - деді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша барлығы 35 ауылдың әкімі сайланып жатыр.

Барлығы 74 сайлау учаскесі бар. Тіркелген үміткерлердің орташа жасы - 40 жас. Ең жасы 27-де болса, үлкені 62 жаста.

Сайлауда үйден дауыс беруге өтініш жазған адамдарға комиссия мүшелері арнайы киіммен барды.

Бұл - «қызыл» аймақтағы өңірдегі сақтық шарасы.


Жоғары қарай