Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Ақтөбеде балалар үйінің тәрбиеленушісі не үшін хабарсыз кеткенін айтты

2019 жылдың 17 шілде 2019 16:12 251

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде он күн бойы іздеуде болған жасөспірім ауданнан табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Әлішер Жанзақов 5 шілдеде із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ол 12 жасқа дейін өз отбасында тәрбиеленген. Анасы, үш бауыры бар.

«Анам өзінің ата-ана құқығынан айырылған соң мен Алға балалар үйінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, Хромтау ауданында патронаттық тәрбиеде болдым. Анамды 3-4 жыл бойы көрдім. Ал орталықтан ешкімге айтпай, кетіп қалдым. Достарыма бару үшін жол бойы көлік тоқтаттым, ешкім менен ақша сұрамады. Болашақта жобалаушы, дизайнер болғым келеді», - деді Әлішер Жанзақов. Ол әлеуметтік желіде өзін іздеп жатқанын біліп, қайтып келуге қорыққан.

«Мені арнайы мектепке жібере ме деп қорықтым. Тек достарымды көргім келді, туыстарымды іздедім. Енді ешқайда кетпеймін жағдайым жақсы», - деді ол.

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында 40-тан астам тәрбиеленуші бар. Оның 25-і қала сыртындағы демалыс лагерінде.

«Әлішер Жанзақов патронаттық тәрбиеде болды. Ол достарын, туыстарын сағынғаннан кетіп қалғанын айтып отыр. Түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Қайрат дажаров.

Жоғары қарай