Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде бірнеше рет той өткізген мейрамханалар анықталды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 22:33

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Ақтөбеде кәсіпкерлер мен түрлі мекемеге 660 айыппұл салынды. Өңірде бірнеше рет той өткізген мейрамханалар да анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне мобильді мониторинг топтардан және жергілікті полиция қызметінен жүздеген материал түсті. Нәтижесінде 70,6 миллион теңгеге 660 айыппұл салынды.

Карантин режимін бұзғандар қатарында мейрамхана, дүкен, лаундж бар және тағы басқа нысандар бар.

«Соңғы апта ішінде департаментке 110 материал түсті. Оның ішінде, 41 материал қаралды, қалғаны тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, «Думаш», «Ақ босаға», «Жұлдыз», «Манас» мейрамханаларында бір аптада екі рет салтанатты шара өткізілді. Оған қоса «Ақ желең», «Асылжан», «Бәйтерек», «Үйсін», «Нұр», «Дулат» ресторандары да карантин шектеуін бұзды. Маска тағу талабын сақтамағаны үшін «Кутузовский» шағын маркетіне, «Садақ» дүкені, «Word class» жаттығу залына, «Золото» караоке бары мен «Мега планета» дүкеніне бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар берілді», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Жоғары қарай