Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Ақтөбеде блок бекеттердің жан-жағы түгел қазылды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 21:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде блок бекеттердің жан-жағы түгел қазылып, жолдағы шектеу күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында төтенше жағдай режімін бұзған 87 дерек тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Төтенше жағдай режімін бұзу» бабы бойынша 9 адам қамалды. Ал 32 адамға айыппұл салынып, төртеуіне ескерту берілді.

«Тәртіп бұзғандар арасында 30 дүкен, 25 дәмхана, бар, 6 монша, 4 букмекерлік кеңсе, 1 кемпинг, 1 демалыс базасы, 1 фитнес клуб, 2 көлік жуу орны бар. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша көлік жуу орнының иесіне 10 АЕК айыппұл салынды. Сонымен бірге дәмхана сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеген. Мекеме иесіне 26 500 теңге айыппұл салынды. Жолдағы қауіпсіздік шарасын күшейту үшін барлық блок бекет маңы қазылды. Полиция мен әскери қызметкерлер тәулік бойы күзетіп тұр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай