Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде блокбекеттердің жұмысынан кемшіліктер анықталды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 03:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде блокбекеттер тек рұқсат құжаты бар жүргізушілерді өткізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бес бекеттегі жұмыс барысын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, арнайы мониторингтік топ, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 5 санитарлық блокбекетте болды. Бекеттер халықаралық, республикалық тасжолдарда орналасқан.

«Қобда ауданына қарасты жолдағы блокбекетте полиция мен әскери қызметшілер ұзақ уақытқа жарамды маскалармен қамтамасыз етілмеген. Интернет әлсіз болған соң қолда бар планшеттердің жүктемесі артып, кезек көбейген. Полиция мен әкімдік бір адамды бөлек-бөлек тіркейді. Бұл да уақыт алады. Мониторинг кезінде 50 көліктің кезек күтіп тұрғаны анықталды», - деді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, «Ақтөбе – Богословка – Шұбарқұдық» тасжолының Сазды блокбекетінде адамдарды тіркеуге арналған планшеттерді қуаттайтын құрылғы қарастырылмаған. Ал «Ақтөбе - Мәртөк» трассасында жүргізушілер мен жолаушыларды тексеретін медицина қызметкері жоқ.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» және арнайы мониторингілік топ анықталған кемшіліктер туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовқа мәлімет берілді. Алдағы уақытта тағы да тексеру болады», - деді баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай