Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде цистернадан төгілген жанармай 945 шаршы метр аумаққа жайылған

2021 жылдың 2 наурыз 2021 00:51

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 22 вагон рельстен шығып, жанар-жағармай жерге төгілді. Экологтар топырақтан сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагоны рельстен шығып кетті. Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын төгілді. Осы оқиғаға байланысты экологтар да тергеуді бастады.

«Ақтөбе облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барды. Тексеру кезінде дизельді отын мен бензиннің төгілгені анықталды. Ластанған жер көлемі өлшенді. Есеп бойынша 945 шаршы метр аумаққа жанар-жағармай төгілген. Топырақ сынамасы да алынды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы басталды. Жоспардан тыс тексерудің қорытындысы қосымша хабарланады», -деді облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай