Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасын 3 есеге өсіргендер анықталды

2020 жылдың 15 шілде 2020 23:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе прокуратурасы дәріханалар жұмысынан заңсыздық анықтады. Дәріні үш есе қымбаттатқандар жазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Ақтөбе облыстық прокуратурасы алыпсатарлар мен заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандарды анықтау, жолын кесу шарасын қолға алды. Неғұрлым сұранысқа ие және өмірлік маңызды дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметінде тексерді.

«Дәрі-дәрмекті белгіленген шекті бағадан қымбаттатып сатудың 10-нан астам фактісі анықталды. «Актюбфармцентр» ЖШС, «Витафарм» ЖШС, «Хасан Ойл» ЖШС және т.б. дәріханалар заң бұзған. Мысалы, дәріханалардың бірінде «Кленокс 400 анти-Ха ХБ/04» бір ампуласы 1 862 теңге болуы тиіс. Ал дәріханада 4 250 теңгеден сатылған. «Гепарин» препаратының бір қорабы 3 479 теңге деп белгіленгенімен, бір ампуласы 3 мың теңгеден сатылған. «Линекс» препаратының бір қорабы 3 479 теңге болуы тиіс, тек бір ампуласы 2 300 теңгеден сатылған. Барлық дерек бойынша материалдар жиналып, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапқа тарту шаралары қабылданды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде Сенім телефондары жұмыс істеп тұр. Байланыс нөмірі:

8 701 740 81 95, 8 701 323 96 96 және 8 701 315 81 01.


Жоғары қарай