Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде дәрігерлер құрметіне «Аялы алақан» мүсіні орнатылды

2021 жылдың 18 маусым 2021 21:01

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде медицина орталының жанына «Аялы алақан» мүсіні орнатылды. Бұл ақтөбеліктердің ақ халаттыларға айтқан алғысы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аялы алақан» шағын архитектуралық мүсінінің авторы әрі мүсінші Қайырбек Таханов. Идеяны Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов қолдап, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында тарту жасады.

Мүсіннің биіктігі – 3 метр. Мүсінші Қайырбек Таханов идеяның мән-маңызына тоқталды.

«Пандемия кезінде дәрігерлеріміздің қадірін түсіне білдік. Ақ халаттылардың еңбегі зор. Олар күн-түн демей еңбек етті, науқастарды дертінен айықтырды. Әрі бұл тәуелсіздігімізге тарту. Жақсы үрдісті өзге өңірлер де қолдайды деп сенеміз», - деді Қайырбек Таханов.




Айтып өтейік, облыста 4 мыңнан астам дәрігер, 8 мыңнан астам орта буын қызметкері жұмыс істейді.

Облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында бірегей медициналық көмек көрсетіледі.

Ақтөбе медицина орталығы құрылған сәттен бастап 106 мыңнан астам науқас ем алды.

36 мыңнан астам ота жасалса, оның 1128-і - жоғары технологиялық медициналық қызмет.





Жоғары қарай