Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде дүкенге келушілер дезинфекциялық «душ» қабылдайтын болады

2020 жылдың 1 сәуір 2020 01:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде гипермаркетке келушілер бастан-аяқ дезинфекция жасайтын туннельден өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Асхат Шахаров қаладағы азық-түлік орындарының жұмысымен танысты.




Жеке кәсіпкер Хайдар Ильясов аймақ басшысына өз күшімен жасаған залалсыздандыру туннелінің жұмысын көрсетті. Арнайы құрылғы «Дина» гипермаркетінің алдына орнатылған. Оның жоғары жағында сұйықтық бүркіп тұрады. Кәсіпкердің айтуынша, осы арқылы дүкенге келушілер дезинфекцияланады. Оңдасын Оразалин қала әкіміне мұндай жабдықтар санын арттыруға және оларды барлық супермаркеттер мен қала базарларының алдына орнатуға көмек көрсетуді тапсырды.

Мәлім болғандай, Хайдар Ильясов бұл құрылғыны Түркия өнертапқыштарының тәжірибесі негізінде жасаған.




«Шектеулер енгізілгенімен, азық-түлік дүкендері, дәріхана, банктер жұмыстарын жалғастырады. Ақтөбеліктердің алаңдауына еш негіз жоқ. Азық-түлік қоры жеткілікті», - деді өңір басшысы О.Оразалин.

Айта кетейік, әлеуметтік және отандық азық-түліктің бағасы тұрақты. Ал, шетелден келетін өнімдердің бағасында өсім байқалады. Аймақтың азық-түлік қорында 3605 тонна картоп, 670 тонна жуа, 970 тонна макорон өнімдері, 892 тоннадан аса қырыққабат және көкөніс, жеміс-жидек, ұн, өсімдік майы, жұмыртқа бар.









Жоғары қарай