Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, екі жүргізуші көз жұмды

2021 жылдың 19 шілде 2021 21:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Кеңқияқ-Сарыкөл тасжолында екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 14:00-де Кеңқияқ-Сарыкөл тасжолында ВАЗ-2115 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан аталған автокөліктердің жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. ВАЗ-2115 автокөлігінің 83 жастағы жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәл осы ауданда атасы мен немересі жол апаты кезінде көз жұмып, біреуі ауруханаға түскен еді.





Жоғары қарай