Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде елік пен қоян атып алған күдіктілер қолға түсті

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 13:05

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде аңды заңсыз аулаған күдіктілер ұсталды. Олардан мылтық, төрт қоян мен елік ұшасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде облыс аумағында «Ақбөкен» республикалық жедел–алдын алу шарасы өтіп жатыр. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу, киіктерді браконьерлерден қорғау мақсатында учаскелік инспекторлар бақылауды күшейтті.
«4-желтоқсанында Мұғалжар ауданында жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік инспектор 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Тойота Ланд Крузер« автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында үш жолаушы болған. Автокөлікті тексеру кезінде 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, екі ұңғылы мылтық, 4 қоян ұшасы және бір елік ұшасы алынды. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Екі күні ішінде мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 32 дерегін ашты. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзудың 29, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзудың 3 дерегі анықталды.





Жоғары қарай