Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде гараж ішінде тұрған көлік жарылып, бір адам ауруханаға түсті

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көлік жарылып, кейін жанып кетті. Қазір бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әуе қалашығы ауданында гаражда тұрған көлік жарылды. Сол сәтте гараж опырылып түскен.

«Хабарлама түскен кезде №2 және 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жарылыстан соң көлік жанған. Көрші тұрған гараж да отқа оранған. Барлығы 21 адам мен 5 техника барды. Арада 20 минут өткенде өрт сөндірілді. Өрт кезінде 49 жастағы ер адамның күйік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.





Қазір күйік шалған ақтөбелік облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның беті мен қолы 25 пайызға күйіп қалған. ТЖД қызметкерлері жарылыс себебін анықтап жатыр.

Айта кетейік, көлік сұйытылған газбен жүрген.





Жоғары қарай