Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде «Газель» аударылып бір адам көз жұмды

2021 жылдың 3 мамыр 2021 13:22

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Орынбор тасжолында жеңіл көлік пен Газель соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Орынбор халықаралық трассасында жол-көлік оқиғасы болды. «Ауди» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Мәртөк кентінің маңында қарсы бағытқа шығып, «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен бірге жеңіл көліктің үш жолаушысы және «Газелдің» бір жолаушысы түрлі жарақатпен Мәртөк ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол-көлік ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай