Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 01:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада жеңімпазы, ақтөбелік Рустам Валеев пен жүлдегер Ернар Батыржановқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құтықтау хат және бағалы сыйлық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ел тарихында тұңғыш рет география пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Бұл олимпиада 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ақтөбелік оқушы Рустам Валеев 46 мемлекеттен қатысқан 200 баланың арасынан үздік атанды.

Олимпиада Стамбұлда ұйымдастырылған. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс онлайн түрде өтті. Сондай-ақ​ Білім – инновация лицейінің 11-сынып оқушысы Ернар Батыржанов 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында онлайн өткен халықаралық биология олимпиадасында (IBO) жақсы нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Олимпиадаға 70 елден барлығы 300 оқушы қатысқан.
Кездесу барысында білім саласын дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушыларды пәндік олимпиадаларға даярлау сияқты өзекті сұрақтар талқыланды. Облыс әкімі балаларға сәттілік тіледі.


Жоғары қарай