Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақтөбеде қала әкімінің екі орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 25 шілде 2019 19:08

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин екі орынбасарын активке таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім Мавр Абдуллин екі орынбасарын таныстырды. Қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты болып Әубәкіров Жангелді Елеусізұлы және Сисенова Гүлназ Сағынқызы тағайындалды.

Жангелді Әубәкіров 1979 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған.




«Желдорстрой» ААҚ экономисі, Қазақстан Халық Банкі Ақмола облысы бойынша филиалының маманы, аға маманы, «KOMIRBANK» ААҚ бас маманы, «Наурыз Банк Казахстан» ААҚ жетекші маманы, ҚР көлік және коммуникациялар Министрлігінің бас маманы, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің референті, «Атлант Инжиниринг» ЖШС менеджері, заңгері, атқарушы директоры, «Корпорация Ойсылқара» ЖШС директоры, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ бас менеджері, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Гүлназ Сисенова күні бүгінге дейін Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы болды. Ол да Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша аяқтаған. Алға ауданы салық комитетінің жетекші салық инспекторы, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып та қызмет атқарды.




Жоғары қарай