Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан екі бала емделіп жатыр

2020 жылдың 1 қазан 2020 20:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 14 және 4 жастағы екі бала Кавасаки тәрізді синдромға шалдығып, ем қабылдады. Енді екеуі де денсаулығын нықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша биыл тұмауға қарсы 88 мың доза екпе әкелінді. Екпе жұмысы қазір жүріп жатыр. Барлығы 47 мыңнан астам адам вакцина алып үлгерді. Вакцинациялау көрсеткіші 50 пайыздан жоғары. Олар арнайы топ өкілдері. Жасы 60-тан асқан адамдар, созылмалы ауруға шылдыққандар мен жүкті әйелдер, балалар тегін екпе қабылдап жатыр. Мектеп-интернаттағы балалар да иммунизация апталығында қамтылды.

«Созылмалы ауруы бар мектеп оқушылары да тізімге алынды. Қазіргі уақытта 8 506 балаға екпе алуы керек болса, оның 5303-іне вакцина берілді. Негізі вакцинадан бас тартып жатқан адам жоқ. Иммундауды қазан айында аяқтауымыз керек. Вакцина ресейлік. Өте жақсы екпе. Бір жылға жарамды. Аллергиясы бар адамдардың алдын ала медициналық тексеруден өткені жөн. Оқушылар тегін ала алады. Әкімдік биыл бұл бағыттағы жұмысқа 68 миллион теңгеге жуық қаржы аударды. Бұрын мұндай ақша бөлінбеген», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қожин.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 4 жастағы сәби мен 14 жастағы жасөспірімнен Кавасаки синдромы анықталған болатын. Қазір екі баланың жағдайы жақсы.

«Негізі коронавирус инфекциясына шалдыққан адамда Кавасаки синдромы да пайда болуы мүмкін. Бұл дерт бірнеше адамның дене мүшесін зақымдайды. Қан-тамырларына кері әсері бар. Бізде екі бала ауырды. Біреуі 14-те, екіншісі 4-те. Екеуі де дін аман. Ем жүргізілді, антибиотик берілді. Қазір жағдайы бірқалыпты. Сауықтыру шарасы жүргізіледі. Негізі Кавасаки синдромы туралы орталықтан ақпарат беріліп, біз семинар да өткіздік. Дәрігерлер бұл ауру туралы біледі. Емдеу жүргізуге дайын. Анықталса бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі. Онда арнайы топ бар. Мамандардың бәрі тәжірибелі», - Нұрлан Қожин.


Жоғары қарай