Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қойылады

2020 жылдың 3 шілде 2020 23:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев ақтөбеліктерге кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қоюға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде пневмония жағдайының өсуіне байланысты емханаларда жоспарлы қабылдау мен медициналық тексерулерді тоқтату туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты абитуриенттер медициналық тексерістен өте алмайды. Әсіресе А.Жұбанов атындағы университеттің жанындағы емханада ұзын-сонар кезек пайда болған.

Әсет Қалиев мәселені ретке келтіріп, медициналық тексерістер бойынша жұмысты қалпына келтіруге уәде берді.

«Жоспарлы қабылдау шараларын тоқтаттық. Алайда медициналық тексерулер бойынша проблеманы назарға алдық. Біз кезексіз медициналық тексерулерді қалай ұйымдастыратынымызды шешеміз. Медициналық тексеру орындары туралы алда қосымша хабарлаймыз», - деді Әсет Қалиев.

Жоғары қарай