Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өртті сөндіру үшін 800 тонна құм төселді

2021 жылдың 10 мамыр 2021 15:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өртті сөндіру үшін 800 тонна құм төселіп, 130 тонна су себілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында қоқыс полигонынан өрт шығып, өрт сөндірушілер мен полигон иесі сөндіру жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр.
Кеше 600 шаршы метр аумақ жанса, бүгін құм төселіп, су себілгенннен соң 200 шаршы метр аумақ қалды.
«Қазір 25 құм таситын жүк көлігі, 2 бульдозер, төрт құм тиегіш бар. Әлі де құм төсеу, су себу жұмысы жалғасып жатыр. Биыл бірінші рет мұндай жағдай болды. Былтыр төрт рет өртенді. Көбіне адами фактор себеп болады. Сонымен бірге полигондағы қоқыстың тереңдігі 15 метрге жеткен. Газ пайда болып, жануы да мүмкін»,- деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Жоғары қарай