Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

2021 жылдың 11 сәуір 2021 18:27

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, баспана иелері арнайы баспалдақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 11:33-те облыстық ТЖД кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түсті. Сәңкібай батыр даңғылындағы көпқабатты үйде пәтер жанды.

«Оқиға орнына 4 техника мен 13 адам жіберілді. Ас үйдегі жиһаз жанған. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақ арқылы үй иелерін құтқарды. Тұрғын үйден 10 адам эвакуацияланды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер тұрмыста қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.

Жоғары қарай