Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 01:18

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Қарғалы аудандық полиция бөлімі жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WhatsApp және өзге де мессенджер арқылы жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ер адам таңертең тұрған кезде аула ішінде арнайы киім киіп, дезинфекция жасап жүрген адамдарды көрген. Сөйтіп балалардың ойын алаңындағы залалсыздандыру жұмыстарын видеоға түсіріп, туыстарына «Бадамша ауылында коронавирус анықталды» деп жазып жіберген. Күдіктінің кім екені анықталды, ол кінәсін мойындады, өкінетінін айтты. Қазір әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жеткшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция күн сайын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Сондықтан кез келген ақпаратты таратпас бұрын алдымен оның рас, өтірігін ажыратып, анықтауды еске салды.


Жоғары қарай