Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әйел қамалды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 15:44

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мас күйінде рульге отырып, жол ережесін бұзған жүргізуші әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі патрульдік полиция қызметкерлері Ряхов көшесінде жол ережесін бұзған 37 жастағы жүргізуші әйелді ұстады. « Toyota RAV4» маркалы автокөлігінің жүргізушісін тексеру кезінде әйелдің масс күйде рульге отырғаны, бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

«Қазір Қылмыстық кодекстің «Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Әйел Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай