Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мектеп түлектерінің кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 20:51

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мектеп түлектері кортежбен жүріп, бозбалалар көлік терезесінен шығып, арнайы ленталарын желбіретті. Полиция барлығын анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп түлектерінің бұл ісі әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері жол-көлік қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтап, жазалады.

«Түлектер автокөлік терезелерінен шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген. Автокөлік жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Түлектердің ата-аналары кәмелетке толмаған балалары үшін жауапты екенін ескертеміз және бүгін мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырамыз. Сонымен қатар, жалдамалы үйлер мен пәтерлердің иелері қандай да бір іс-шараларды атап өтуге рұқсат бермеуі тиіс. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдері немесе ата-анасының жанында болуы керек», - деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сонымен бірге облыстық төтенше жағдайлар басқармасы да өзен жағалауында бақылауды күшейтті. Биыл Ақтөбе қаласында 4 адам суға батып кетті. Оның екеуі бала.


Жоғары қарай