Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде найзағай түскен қамыс алқабы өртеніп жатыр

2020 жылдың 7 тамыз 2020 18:55

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы маңында қамыс өртеніп жатыр. Өрт аумағы 50 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында өрт шықты. Қамысты алқаптың төрттен бір бөлігі жанып кеткен. Аумағы 50 гектарды құрады. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Барлығы 7 техника мен 23 адам жұмылдырылды.

«Кеше жаңбыр жауды, найзағай түсті. Болжам бойынша өрт содан шығуы мүмкін. Көрші ауылдарға қауіп жоқ. Қамыстың биіктігі 5-6 метр. Түтіннің қою болуы сондықтан. Мұндай оқиға 2012 жылы да тіркелген болатын», - деді ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев. Ақтөбе қаласынан да қосымша күш жіберілді.





«Белқопа ауылының жанында аумағы 400 гектар болатын қамыс алқабы бар. Оның 50 гектары өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, сол жерде жұмыс істеп жатыр. Облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, аудан әкімінің орынбасары мен еріктілер сол жерде. Ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Қамыс арасында адам да, техника да кіре алмайды. Әрі батпақ. Ауылға өрт жетпеуі үшін трактормен жан-жағын жыртып жатырмыз», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асқар Төлешо в.


Жоғары қарай