Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде облыс әкімінің есебі онлайн өтеді

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 03:04

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 10 ақпан күні халық алдында есеп береді. Кездесу онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе «жасыл» аймақта болғанымен, санитарлық талап бойынша облыс әкімінің есеп беру кездесуі онлайн өтетін болды. 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылға арналған жоспар жергілікті сағат 11.00-де тікелей эфирде айтылады. Халық «Ақтөбе» телеарнасы, aqtobe_press парақшасында сұрақ қоя алады.

«Сұрақтар мен ұсыныстарды жазып, Ақтөбе облысы әкімдігі ғимараты, аудандары және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимараты, Ақтөбе қаласының Астана, Алматы аудандары әкімдігінің ғимараты, гипермаркет, сауда орындары мен Халыққа қызмет көрсету орталығы, қалалық мәдениет үйінде орнатылған жәшіктерге салуға, сонымен қатар aktobe.region@akto.kz электронды поштасы арқылы жолдауға болады»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай