Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде өлім-жітім туралы жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр

2020 жылдың 30 маусым 2020 18:26

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында WhatsАpp мессенжерінде «күн сайын туберкулез диспансерінен 50-60 мәйіт шығарылатыны» туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпарат авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде» - деді облыстық ПД-нің орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, жалған ақпаратты таратқаны үшін елімізде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық Кодекстің «Жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша жаза қолдану көзделген.

«Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқаны үшін Ақтөбе қаласының 3 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды. Азаматтарды ресми хабарламаларға ғана сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін қауесет пен ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Жоғары қарай