Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде он күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны екі есе өсті

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 20:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе «сары» аймаққа өтті. Соңғы он күнде вирус жұқтырғандар саны екі есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бір тәулікте 75 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның тең жартысына жуығы вирустың симптомды түріне шалдыққан.

«Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал алаңдата бастады. Өйткені 2021 жылдың соңғы 10 күндігінде 31 жағдай анықталса, жыл басынан бері 237 жағдай тіркелген. Яғни, соңғы 10 күн ішінде стационарлық емдегі науқастар жалпы саны 2 есе өсіп (23-тен 46 жағдайға дейін), оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер саны 12 есеге артты (3-тен 35 жағдайға дейін). Сондықтан бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді сақтық шараларын ұстануды және вакцина салдыруды ескертеміз», - деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.


Жоғары қарай