Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде өнерлі мемлекеттік қызметші анықталды

2020 жылдың 23 қазан 2020 22:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай байқау ұйымдастырылып, өнерлі мемлекеттік қызметші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы байқау өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің моральдық - этикалық құндылықтарын және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқауға барлығы 29 мемлекеттік қызметші қатысты. Шартқа сәйкес қатысушылар Абайдың кез келген туындысын мәнерлеп орындауы қажет болды. Бағалау 2 кезең бойынша өтті. Олар: онлайн дауыс беру және мәдениет саласындағы сарапшылар бағалауы. Онлайн дауыс беру барысында қатысушылардың жұмыстары 2000-ға жуық лайк және 3000-нан астам қаралым жинады. Байқау қатысушыларының жұмысты комиссия мүшелері қашықтан бағалады. Оның құрамына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мәдениет саласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Қалауов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков, классикалық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері, халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Мейрам Хабибуллин бар. Іріктеу барысында әр қатысушының шығармашылық көзқарасы байқалды.





«Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Абайдың қара сөздері мен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаған Нұрәділ Қолдасбаевқа берілді. Екінші орынды «Сегіз аяқ» әнін домбырамен орындаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Әбекенов иеленді.





Үшінші орынды Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Мәлика Серікқызы «Білімдіден шыққан сөз» әнін орындап, жеңімпаз атанды.

«Домбырамен ән шырқадым. «Сегіз аяқ» әнінде адалдық туралы айтылған соң осы туындысын тыңдадым. Бұл конкурс біздің шығармашылығымызды дамытуға септігін тигізді», - деді Мақсат Әбекенов.





Жоғары қарай