Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде Pfizer вакцинасын сақтайтын мұздатқыш сатып алынады

2021 жылдың 22 қазан 2021 15:25

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Pfizer вакцинасын сақтау үшін арнайы тоңазытқыштар сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бір тәулікте тағы 46 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның көбі вирустың симптомды түріне шалдыққан. Қазір Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық стационарларда 250-ден астам адам жатыр. Оның 28-і жансақтау бөліміне түскен.

«Қазір 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы. Балаларға келер болсақ, 48-інен вирус анықталып, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге 20 жүкті келіншек те ауруханада ем алып жатыр. Облыс бойынша инфекциялық кереуеттер жүктемесі азайды. Қазір 38,2% отыр. Жансақтау бөлімінде жүктеме – 30,1%», - деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы емдеу алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Әсия Тіріжанова.

Жалпы COVID-19 жұқтырып, жазылғандардың 52-і қайта ауырып қалған. Олардың көбі созылмалы ауруға шалдыққан жасы 60-тан асқан адамдар. ңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вакцинациялау туралы айтылды. Бүгінге дейін облыста 331 мыңнан астам адам бірінші, 301 мыңы екі компонентін де салдырды.

Қараша айында Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Шамамен 46 мыңнан астам бала мен 4 мың жүкті келіншек иммундауға жатады. Талап бойынша -80°C сақталуы тиіс вакцина қан орталығына жеткізіледі деп айтылған.

Дегенмен жаңа құрал-жабдық сатып алынатыны белгілі болды.

«Вакцинаны сақтауға жаңа мұздатқыш сатып алынады. Ол вакцина салатын емдеу мекемелерінде болады. Қан орталығында сақталмайды», - деді Әсия Тіріжанова.


Жоғары қарай