Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде республикалық тасжолдың бір бөлігін су шайып кетті

2021 жылдың 11 сәуір 2021 00:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Орск тас жолының бір бөлігін су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 сәуір күні Ақтөбеде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріліп, нәтижесінде сағат 19:50-де республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск тасжолының 18-шақырымында еріген қар суы тасыды. Тасжолдағы су 10 см дейін көтеріліп, 100 метр аумаққа жайылды.

«Оқиға орнына ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен тұратын жедел топ жұмыс істеп жатыр. Жергілікті полиция қызметі «Қазақавтожол« компаниясымен бірлесіп, осы учаскеде көлік қозғалысын реттеуді ұйымдастырған. Қозғалысқа кедергі жоқ. 5 шақырым қашықтықта орналасқан Садовое және Пригородный елді-мекендерін су баспайды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай