Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде сайланған 35 әкімнің екеуі ғана өзін-өзі ұсынған

2021 жылдың 26 шілде 2021 17:00

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 35 ауыл әкімі сайланды. Оның бесеуі - әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 74 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

105 кандидаттың 60% партия атынан үміткер болды. «Nur Otan» партиясынан - 28, «Ауылдан» - 16, «Ақ жолдан» - 9, «АDAL» партиясынан - 4, Қазақстан халық партиясынан - 4, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 2 кандидат бақ сынады.

Ал 42-сі өзін-өзі ұсынған.

«Облыстағы 35 сайлау округінде әкімдер сайланды. Оның ішінде «Nur Otan» партиясынан - 28, «Ауыл» партиясынан - 2, «Ақ жол», «АDAL», Қазақстан халық партиясының әрқайсысынан бір адам әкім болды. Сонымен бірге өзін-өзі ұсынған 2 адам тіркелді. Сайланған әкімдердің 28-і - мемлекеттік қызметші болса, біреуі - коммерциялық құрылым өкілі, бесеуі - бюджеттік ұйым қызметкері, ал біреуі уақытша жұмыс істемейді. Сайланған әкімнің бесеуі - әйел»,- дейді облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Есет Шангереев.

Сайланған әкімдердің орташа жасы - 46. Ең жасы 26-да болса, үлкені 62-де.


Жоғары қарай