Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде шекара бұзған екі ресейлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 22:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шекараны заңсыз кесіп өткен екі Ресей азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көші-қон заңнамасын бұзған 431 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 225-і шетелдік және 206-ы Қазақстан азаматы. Үш шетелдік шекарадан шығарылды.

«Екі Ресей азаматы Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көші-қон қызметкерлері ҮЕҰ өкілдері, «Дәріс» ақпараттық-консультативтік орталығымен бірлесіп, Өзбекстан азаматы Дилмурод Жалиловтың жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті. Өзбекстан азаматы Дилмурод Файзуллаевтың билетін сатып алып берді. Олар өз Отанына оралды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай