Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде шошқа фермасының иесі үйқамаққа алынды

2021 жылдың 2 сәуір 2021 20:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шошқа фермасының иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, кәсіпкер үйқамақта отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі шошқа фермасына қатысты алдымен әкімшілік іс қозғалып, барлығы 7 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Кейін серіктестік қайта аппеляциялық шағым түсірді. Ал сол аппеляциялық сотта екі арыз шешімі өзгеріссіз қалдырылып, сот орындаушылары заң аясында жұмысқа кірісті.

«Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушылары өңірлік палатасына екі атқару парағы түсті. Біріншісі көң қоймасын пайдалану, екіншісі ағынды сулардың қоршаған ортаны ластауы. Сот орындаушылары борышкерге сот шешімдерін орындау туралы хабарлама берді. Мерзімі бір апта. Бірақ атқарылуы тиіс іс ауқымы көп. Бір аптада үлгеруі неғайбіл», - деді Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Қайрат Таңқаев.

Сонымен бірге шошқа фермасының иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Экология департаментінің тексеруінен соң қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің «Жердi бүлдiру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Серіктестік басшысы Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді облыстық ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Айгүл Иманғазина.


Жоғары қарай