Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде субсидиямен байланысты жемқорлық әрекеттерін қоғам өкілдері бақылап отырады

2021 жылдың 29 маусым 2021 17:51

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау кезінде жемқорлық белгілері бақалса, кез келген адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабар бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Антикор қызметі кешенді сараптама жүргізуді бастады. Осы кезде кез келген адам жемқорлыққа жол беретін фактілер туралы хабар берпі, қылмысты болдырмауға септігін тигізе алады. Құжаттар тексеріліп, шаруаның арызы, сот отырысы, сот шешімінің бәрі назарға алынады. Сонымен бірге арнайы топ тұрғындармен кездесіп, жағдайды сараптайды. Тұрғындар taldau@antikor.gov.kz поштасына немесе +7 778 668 99 20 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады»,-деп хабарлады Антикор қызметінің Ақтөбе облыстық филиалы.

Сонымен бірге шаруалармен байланысты «Атамекен» және Antikor орталығы арқылы орнату жоспарда бар.


Жоғары қарай