Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр

2021 жылдың 14 сәуір 2021 21:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Оған 200-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 14-17 сәуір күндері аралығында жүзуден ҚР чемпионаты өтеді. Біріншілікке еліміздің барлық облысымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Қырғызстан елінің құрама командалары қатысып жатыр. Барлығы 17 команда, 187 спортшы. Оның ішінде 122 ер, 65 әйел. «Додада Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сонымен бірге Әділбек Мусин, Александр Баракин де бақ сынайды.

«Бұл ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу нормативтерін орындау болып табылады. Біріншілікке қатысу үшін Ақтөбе облысынан 20 спортшы іріктелді. Жарыс барлық санитарлық талаптарға сай көрерменсіз, жабық режимде ұйымдастырылды», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.


Жоғары қарай