Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Ақтөбеде тағы төрт ауданның әкімі тағайындалды

2019 жылдың 2 шілде 2019 22:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Хромтау, Алға, Мұғалжар, Байғанин аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау ауданына Алдияров Нағымжан Смағұлұлын, Алға ауданына Аққағазов Мамырғали Досқұлұлын, Мұғалжар ауданына Шериязданов Асқар Тұрарұлын және Байғанин ауданына Отаров Қайрат Орынбасарұлын тағайындады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нағымжан Алдияров 1975 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Аққайың» өндірістік кооперативінде аға есепші болып бастаған. Кейін Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алға қалалық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, 2017 жылдан Алға ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Ал Мамырғали Аққағазов 1964 жылы туған. Жоғары білімді. 1986-1988 жж Алға ауданында колхоз инженері болып жұмыс істеді. Алға қалалық округінің әкімі, Алға, Байғанин ауданы әкімдерінің орынбасары, Байғанин ауданының әкімі, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы, «Ақтөбе» ӘКК»АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Мұғалжарға әкім болып тағайындалған Асқар Шериязданов 1968 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын №7 техникалық училищеде қазақ тілі және әдебиетінен мұғалім болудан бастаған. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау басқармасының бөлім басшысы, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алға ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Байғанин ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Бұған дейін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған Қайрат Отаров 1968 жылы туған. Жоғары білімді. Алғаш еңбек жолын 1985 жылы Исатай ауданында жұмысшы болып бастады. Исатай аудандық заңды тұлғалардың табыстарына салық салу бөлімінің бастығы, салық инспекциясы бастығының орынбасары, зейнетақы орталығы Ақтөбе облыстық филиалының директоры болды.

"Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындалған аудан басшыларына тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, ауылшаруашылық саласын дамытып, қосымша инвестиция көздерін тарту, жұмыссыздық санын азайтып, халықпен етене араласуды, олармен барынша жақын болуды тапсырды. Сондай-ақ қызметтеріне жаңа кіріскен азаматтардың ісіне сәттілік тілеп, артылған міндетті ақтайды деп сенім білдірді", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбеде Ойыл ауданының әкімі тағайындалған болатын.




null


null


null


null

Жоғары қарай