Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде теміржол вокзалына «бомба қойған» күдікті ұсталды

2020 жылдың 23 наурыз 2020 20:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген Ақтөбе тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция бөліміне «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-нің Сооl-орталығынан хабарлама түсті. 25 жастағы қала тұрғыны байланыс операторына телефон шалып, теміржол вокзалын жарып жіберетінін айтқан.

«Ақпарат Алматыдағы жедел қызметке берілді. Полиция тексеру кезінде телефон нөмірінің Ақтөбеде тіркелгенін анықтады. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 25 жастағы тұрғын ұсталды. Одан телефон мен желілік блок, модем тәркіленді. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Төтенше жағдай режимі кезінде тіркелген соң Қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар» бабы да ескеріледі», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жоғары қарай