Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде төтенше жағдай режімін бұзғандар жазаланды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 03:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдай режімін бұзған 24 дерек тіркелді. Бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде полиция, Ұлттық ұлан сарбаздары мен әскери бөлім қызметкерлері тәртіпті бақылап, төтенше жағдай режімінің сақталуын қадалағалап жүр. Жағдай бірқалыпты, қылмыс саны өспеді. Полиция қауіпсіздік жұмыстары кезінде карантинде қолданылатын блок бекеттерді әзірледі.
«Құқық қорғау саласында еңбек ететін 2 600 қызметкер төтенше жағдай режімінің сақталуын қадағалайды. Барлығы 40 блок бекет дайындалды. Оның 28-і магистральді, өзгесі қарапайым. Қаланың 23 секторға бөлінгені белгілі. Егер карантин жарияланса қажетті шара дер кезінде қолға алынады. Шектеу қойылып, дәрігерлерге көмек береміз. Қазір жолдар ашық», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.
Полиция мен еріктілер төтенше жағдай режімінің сақталуын үздіксіз бақылайды.

Қанат Әлиевтің айтуынша, барлығы 24 дерек тіркелді. Олар ӘҚБтК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір облыста жедел штаб жұмыс істеп тұр. Құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Төтенше жағдай режімін бұзғандар туралы мына телефон нөміріне хабарлауға болады: 936139, 936440, 936339.

Жоғары қарай